USD
USD
USD

Сағынтаев Алматының атауы жайында не ойлайды?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың атауын ауыстыру туралы сөздерге қатысты пікірін айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды,

Сағынтаев Алматының атауы жайында не ойлайды?
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. «Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз», – деп жазды Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Олжас Сүлейменовтің Президентпен кездескені, кездесуде «Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту бастамасын Президент қолдады» деген сыңайда ақпарат тараған болатын.
 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский