Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сағынтаев «Алматы-2050» стратегиялық даму жобасын ұсынды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» жаңа стратегиялық даму жобасын таныстыру мақсатында қала тұрғындарына жолдау жариялады. Қала басшысы дамудың жаңа бағытын түсіндіру жұмысын жетілдіру үшін өзінің Instagram парақшасында кеңінен тоқталған.

Сағынтаев «Алматы-2050» стратегиялық даму жобасын ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қадірменді, достар! Мен Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын көпшілік талқысына ұсынамын. Тек алматылықтар мен қала тұрғындарын ғана емес, қаламызды келешекте көркейтетін бұл құжатқа Алматының болашақ тағдыры бей-жай қалдырмайтын барлық отандастарымыздың қатысуын қалаймын. Бұл – біздің ортақ мүддеміз» делінген, Сағынтаевтың парақшасында.

Қала басшысы ұсынған жобалық құжатта Алматының бүгінгі қалпынан бастап, қаланың даму көрінісі, дамудың стратегиялық бағыттары, адами капиталды жетілдіру, тиімділігі жоғары экономикалық ортаны қалыптастыру, қаланы басқарудағы соны тәсілдер секілді бірқатар маңызды тақырыптар қамтылып, осы мәселені ел болып талқылау үшін жаңадан ашылған Almaty-2050.kz сайтында халықпен тікелей байланысатын ақпараттық алаң да ұсынылған.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov