USD
USD
USD

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты

Бұл туралы оның баспасөз қызметі мәлімдеді. Осылайша Жапаров алдағы президенттік сайлауға елдің қарапайым азаматы ретінде қатысуды шешкен, деп хабарлайды. 

Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал президенттің міндетін уақытша парламент спикері Талант Мамытов атқарады. Үкімет басшысының міндеті бірінші премьер-министр Артем Новиковқа жүктелді. Айта кетейік, Қырғызстанда жаңа президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген. Садыр Жапаров Орталық сайлау комитетіне өзінің құжаттарын өткізіп те қойды. Комиссияның хабарлауынша, сайлауға қатысуға 63 адам өтініш берген.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов: "Мемлекет басшысының міндетін атқаруға кірісе отырып, мен халық алдындағы жауапкершілігімді толық сезінемін. Конституциялық құқық шеңберінде халықтың бейбіт өмірі мен еліміздің тұрақтылығын қорғау үшін бар күшімді саламын. Халық осы бағыттағы менің барлық ісімді қолдайды деп үміттенемн", – деді.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy