Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сабуров Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы ойын айтты

Қазақстандық және ресейлік комик Нұрлан Сабуров Esquire журналының ресейлік нұсқасының бас редакторы Сергей Минаевқа берген сұхбатында Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.

Сабуров Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы ойын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сабуров Минаевтың әзілін қолдай отырып, мұндай жағдай елде кең таралғаны сонша оны "мемлекеттік деңгейде қолдайды" деп айтуға болатынын жеткізеді. 

"Менің ойымша, бұл Конституцияда жазылған", - дейді Сабуров әзілдеп.

Ол кейде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы әзілдеген кезде, Ресейде мұны ирония ретінде қабылдайтынын айтты, ал Қазақстанда: "Дұрыс, дұрыс, әйелдерді ұру керек. Мен дұрыс айтып тұрмын ғой? Дұрыс. Яғни, кейбіреулер, әрине, бәрі бірдей емес", - деді комик.

Сабуров Минаевқа Қазақстанда феминистік қозғалыстың деңгейі Ресейге қарағанда "өте қарапайым деңгейде" екенін айтты.

"Ол (феминизм тақырыбы. - автор.) бар, бірақ тек ірі қалаларда. Бізде әйелдерге деген қарым-қатынас мәселесі шешілмей тұр, тұрмыстық зорлық-зомбылық өте кең таралған. Қазір бұл мәселе қарқын алып келеді, ал дұрыс ойлайтын адамдар мұны әлдеқайда жақсы қабылдайды", - деді Нұрлан Сабуров.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.