USD
USD
USD

Садыр Жапаров ұлықтау рәсіміндегі кортеж бен банкеттен бас тартты

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты.

Садыр Жапаров ұлықтау рәсіміндегі кортеж бен банкеттен бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді.
Садыр Жапаров халық бұл шешімін «түсініп, қолдайды» деген үмітте.

«Қазанда болған оқиғалардан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын.
Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындар болатын басқа да шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісу үшін заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру керек.
Мемлекет өзінің барлық назарын мемлекеттік қаражатты халық пен оның мұқтажына қолдануға аударуы тиіс», –  деп мәлімдеді ол.
 Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.

 

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог