USD
USD
USD

Сабина Алтынбекованың үстінен полицияға арыз түскен

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды. Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды КТК.

Сабина Алтынбекованың үстінен полицияға арыз түскен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Танымал спортшы биыл мамырда қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болған. Шамасы жетпегендер тіпті несиеге сатып алған. Негізі мұндай курстың мақсаты - жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесін бөліседі.

Алайда бір айға жетпей, Алтынбекованың курсына кейбір қыздардың көңілі толмай шықты. "Ақшасы мен берген білімі мүлдем сай емес" деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етеді. Бірақ ақпарат құралдарында спортшының менеджері "тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды" деп айтқан.

"Алматы ПД өкілдері бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park