Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сәбиін қоқысқа тастаған әйел жазаға тартылды

Қарағандыдағы Октябрь аудандық сотында сәбиін қоқысқа тастаған 22 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты

Сәбиін қоқысқа тастаған әйел жазаға тартылды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Соттың материалы бойынша, биыл 3 сәуірде 22 жастағы сотталушы үйде босанған. Ол аяғы ауыр екенін ешкімге айтпаған. Жағдайы болмаған соң ол сәбиден құтыламын деп шешкен. Баласын орамалға орап, пакетке салып, сәбиді үйдің маңындағы қоқыс контейнеріне апарған.

Кейін сәби табылып, оны кім тастағаны анықталған. 22 жастағы сотталушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 119-бабы 1-тармағы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Сот отырысы барысында прокурор күдіктіге айыппұл төлеу жасазын беруді сұраған. Октябрь аудандық соты күдіктіні кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл жазасын тағайындаған.

"Бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Ол үшін айыппұл төлеу, түзету жұмыстары және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қарастырылған. Сот күдіктіге жазаны тағайындау кезінде оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, екі баланы қарап отырғанын ескерген. Сот үкіміне прокурор шағым түсіріп, наразылық білдірмеген. Сот үкімі заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл сәуірде Қарағанды қаласы Майқұдықтың 12-шағынауданының тұрғындары қоқыстан жаңа туған сәбиді тауып алған еді.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.