USD
USD
USD

Сәби неге шетінеді?

Алматы перзентханасында туғанына он күн болған шақалақ шетінеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәби неге шетінеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында болған. 9 қаңтар күні дүниеге келген ұл бала небәрі он күн өмір сүрді. Шақалақ 19 қаңтар күні шетінеп кетті. Туыстарының айтуынша, бала перезентханада салынған «В» гепатитіне қарсы екпеден көз жұмған. Алайда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәбидің вакцинациядан көз жұмғанын растамайды.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірге арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына жоғары медициналық мекемелердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар бар. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша өлімнің себептері мен жағдайлары нақтыланатын болады. Басқарма нәрсетенің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады, бұл факт қала басшылығының бақылауында. Тексерудің қорытындысы құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан