2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Қызылорда облысында қоғамдық қордың жетекшісі жаңа туған сәбиді сатуға көмектесті деген күдікке ілінді.

сәби
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Сәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды.

Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді.

«25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда болған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған. Ол жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы баласын сатып алатын адам іздеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер