USD
USD
USD

Рязань облысында зауыттағы жарылыстан кейін қаралы күн жарияланды

Рязань облысында 18 тамыз қаралы күн болып жарияланды. Бұл шешім Шиловский ауданындағы «Эластик» зауытында болған жарылыс салдарынан қабылданды, деп хабарлайды РБК.

Траур
Фото: РФ ТЖМ

Алматы, NEGE. 15 тамыз күні таңертең кәсіпорынның оқ-дәрі цехінде жарылыс пен өрт шығып, ғимарат толық қирады. Алдын ала деректер бойынша, оқиғаның себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Қайғылы оқиғадан 11 адам қаза тауып, тағы 130 адам жарақат алғаны белгілі болды. Құтқарушылар әлі де үйінділерді аршып жатыр, әзірге үш адамды тірідей алып шыққан.

Қаралы күнде аймақтың барлық аумағында тулар төмен түсіріліп, мәдениет мекемелеріне, теле-радио компаниялар мен ұйымдарға ойын-сауық шараларын тоқтату ұсынылды.

— Бұл қайғылы жағдай бәрімізге ауыр тиді. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, — деді облыс губернаторы Павел Мальков.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.