USD
USD
USD

Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен кетті

Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары қызметінен кетті.

Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әбдірахманов Алматы облысы полиция департаментінде дәл осы лауазымға тағайындалған. 

"Лауазым мен үшін таңсық емес, ал аймақ – ерекше, оның үстіне мені бұл облыспен туған үйім, балалық шақ пен мектеп байланыстырады. Ведомство басшылығының сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда, әділдікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктерді ашады", – деді Рустам Әбдірахманов. 

Оның сөзінше, бұл тағайындалу – кәсіби мансабындағы жаңа кезең. 

"Өмірлік және қызметтегі қағидаларым өзгеріссіз қалатынын айтқым келеді. Мен ә уақытта конструктивті диалогқа ашықпын және объективті сынды тыңдауға дайынмын. Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қол жетімді", – деді Рустам Әбдірахманов.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу