USD
USD
USD

Рустам Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Рустам Баялиев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Рустам Баялиев 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.

Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.

2024 жылы ол Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны