USD
USD
USD

Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Рустам Әли
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, Жетісу облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші