USD
USD
USD

Руслан Жанпейісовтің қарындасы видеоүндеу жариялады

Блогер және белсенді Руслан Жанпейісовтің қарындасы Гауһар Жанпейісова үндеу жасап, прокуратураға шағымданған. 

Руслан Жанпейісовтің қарындасы видеоүндеу жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, прокуратура өкілдері Жанпейісовтің бостандыққа шығуына кедергі жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Гауһар Жанпейісованың сөзінше, ағасы жазасын өтеп жатқандықтан интернетке кіре алмай отыр. 

"Бас прокуратура мен Қызылорда облыстық прокуратура ағамның бостандыққа шығуына кедергі жасап отыр. Олар ағам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмауы үшін бәріне баратынын білеміз", - дейді ол.  

Оның айтуынша, бастапқыда прокуратура блогердің бостандыққа шығуын қолдаған. 

"Ал сосын олар наразылық білдіріп, бәріне менің ағам отырған мекеме мен сот өкілдерін айыптайды", - дейді Гауһар Жанпейісова. 

Блогердің қарындасы Руслан Жанпейісов Қазақстан Президентінен де кешірім сұрағанын еске салды. Оның айтуынша, бүгінде ағасы ауруханада жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер