USD
USD
USD

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 5 наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының жаңа мүшесі болып Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді", - делінген хабарламада.

Руслан Бекетаев бұл қызметке Тимур Жақсылықовтың орнына келді. Ол 16 ақпанда ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Руслан Бекетаев Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасы қызметін атқарған.

ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр лауазымына тағайындалмастан бұрын жеті жылға жуық Қазақстан қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.