USD
USD
USD

Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Руслан Желдібай
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.

2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

2020-2022 жылдары Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2022 жылғы 14 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ