USD
USD
USD

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қазақстан Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды Жаңа технологиялар мен жоғары жетістіктер жөніндегі комиссияның директоры етіп ресми түрде тағайындады.

Руслан Желдібай
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. IJF атап өткендей, бұл комиссия заманауи технологияларды енгізу және оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесі үшін және спорттық нәтижелерді арттыру мақсатында этикалық тұрғыда қолданумен айналысады. Сондай-ақ комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.

«Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз комиссияның жұмысына елеулі үлес қосарына сенімдіміз», - делінген федерацияның ресми хатында.

Руслан Желдібай 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі болды.

2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.