USD
USD
USD

Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталды. 

Руслан Берденов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Күдікті Ернар Жиенбай бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының міндетін атқарған. Ол 21 сәуір күні оқиға орнында, яғни әкімдік ғимаратының жанында ұсталды. Сол күні сот оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бастапқыда қылмыстық істі сотқа 21 маусымда тапсыру жоспарланған болатын.

Тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Одан кейін іс прокуратураға жолданып, сосын сотқа жіберіледі. Сот қарауы басталған жоқ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабына сәйкес жүргізіліп жатыр:

– ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі — қылмысқа оқталу (қылмысты орындауға бағытталған, бірақ өзіне байланысты емес жағдайлардан толық орындалмаған ниетті әрекеттер);

– ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы — өмірге қауіпті әдіспен адам өлтіруге оқталу.

Осы баптар бойынша санкция сот шешімімен 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеп немесе тәркілемей өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті