USD
USD
USD

Айыпталушының Руслан Берденовке қастандық жасауына не себеп болған?

Прокурор Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебін атады.

Руслан Берденов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тергеу нұсқасы бойынша, Ернар Жиенбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті жұмыстан шығарылады деген хабардан кейін өлтіруге әрекет жасаған.

2025 жылғы 21 сәуірде құрылыс нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Жиенбайға Руслан Берденовтің тапсырмасымен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры қызметінен босатылатынын хабарлаған. 

Айыптаушы тараптың мәліметінше, Жиенбай өз лауазымынан босатылатынын білген соң қатты ашуланып, эмоциялық күйзеліске түскен. Ол арақ ішіп, аңшы мылтығын алып, әкімдікке барған. Сол жерде ол Руслан Берденовті күтіп, оны көре салысымен артынан бірнеше рет, нақты айтқанда бес рет оқ атқан. Бұл оның Берденовке деген өшпенділігін, сондай-ақ кек алуға бел буғанын көрсетеді. Ол тіпті тағы бір рет оқ атпақ болған, бірақ оқ-дәрісі таусылып қалған.

Бес рет оқ ату  бұл алдын ала ойластырылған, ашу-ыза мен кекке толы әрекет деп бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей