USD
USD
USD

Руфина Шалқарова ауыр атлетикадан алтын алды

Ауыр атлет Руфина Шалқарова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Руфина Шалқарова ауыр атлетикадан алтын алды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Жасөспірім қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен отандасымыз Руфина Шалқарова жарыстан топ жарды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 247 (107+140) келіні бағындырды.

Бразилиялық  Жустине Де Лима Таяне екінші орыннан көрінсе, түркиялық Жевик Фатмагүл үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетерлігі, кеше жасөспірім ұлдар арасында бақ сынаған қазақстандық Рахат Бекболат қоссайыс нәтижесінде 355 келіні еңсеріп, әлем чемпионы атанған болатын.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан сапынан барлығы екі спортшы қатысты. Нәтижесінде екі спортшы да алтын медальға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК