Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Рудныйда Тобыл – Торғай бассейндік инспекциясының басшысы сотталды

«Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды.

Ол жоспарлы тексеру шеңберінде су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты

Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды

транзиттік жүк көлігі

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертінің билетіне қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация