Рудныйда мемлекеттік рәміздер экспозициясының салтанатты түрде ашылуы өтті

Қаладағы орталық алаңда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұлы Жеңіс: ерікке тағзым, ұрпаққа үлесі" атты мемлекеттік рәміздер экспозициясының салтанатты ашылуы болды.
Шараға қаланың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, алғашқы құрылысшылар, тыл еңбеккерлері, мемлекеттік қызметшілер және жастар өкілдері қатысты.

Мемлекеттік рәміздердің экспозициясы бұл азаматтық сананы қалыптастырудағы, Отанға құрмет көрсетудегі және жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңызды элемент.
Ту бағанасы мен символдық композицияны орнату – азаматтардың мемлекет рәміздеріне құрметпен қарауын қалыптастыруға, балалар мен жастар арасында патриоттық тәрбие деңгейін арттыруға, қалада тағы бір тартымды мәдени нысан құруға, қоғамдық бірлікті және ұлттық бірегейлік сезімін нығайтуға ықпал ететін болады.

Флагштоктың биіктігі – 20 м, ту – 24 м, мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы сипаттамасы бар екі блок – 3м2м*0,5м. Блоктар керамограниттен жасалған, тұғырға орнатылған, көтергіш механизмі және түнгі уақытта жарықтандырылуы бар.

Іс-шара аясында Ғабдолла, Ахметжанов, Геннадий Глейзэр, Кәкенов Жақсылық, Лилия Львовна «Рудный қаласының Құрметті азаматы» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және Рудный қаласы әкімінің Құрмет грамоталары табысталды.

Шара барысында жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында 6697-ӘБ оркестрі, әскери қызметшілер, қаланың мектептері мен колледждерінің оқушыларының қатысуымен саптық шеру өтеді деп жоспарланған. Аталған салтанатты шеруге 280 адам қатысуда. Іс-шара концерттік нөмірлермен жалғасын табады.