USD
USD
USD

Рудныйда 19 жастағы жігіттің өліміне күдікті жасөспірімдер ұсталды

Рудный қаласында Қазақстан бойынша іздеуде жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірім қолға түсті, деп хабарлады қала әкімі Виктор Ионенко.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әкімнің айтуынша, 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») аясында қылмыстық іс қозғалған.

Қала басшысы қаза болған жасөспірімнің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, күдіктілердің тиісті тергеу органдарына берілгенін жеткізді.

Қазір оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бұл қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында.

23 қаңтар күні Рудный қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен 19 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ