USD
USD
USD

Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады.

Бас прокуратура
Фото: T.me/ Kozachkov offside

Алматы, NEGE. Рудный қаласының прокуроры ұсталғаны туралы ресми ақпарат тарады.

Бас прокуратура осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады. Оқиғаның 28 қыркүйек күні болғаны анықталды.

«Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Журналист Михаил Козачков прокурор Мұрат Оспановтың 20 млн теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

«Операцияны Бас прокуратура ҰҚК өкілдерімен бірлесіп жүргізді», - деп жазды журналист.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам