USD
USD
USD

Рудныйда мас ер адам ауладағы тұрғындарға пышақпен сес көрсеткен

Рудный қаласында мас адам  өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндірген.  Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазды.

Рудныйда мас ер адам ауладағы тұрғындарға пышақпен сес көрсеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 наурызда сағат 19:30-да Рудный қаласының 102 пультіне рудныйлық тұрғыннан қалалық үйлердің бірінің ауласында өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіретін мас күйіндегі ер адам бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнында полиция жасақтары мен учаскелік инспекторлар қала тұрғындарың қорқытқан адамды байқады, ол сондай-ақ полиция қызметкерлеріне де сес көрсетті. Оның қолында пышақ болды. Полиция қызметкерлері бұзақыны залалсыздандырды", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта ол медициналық айықтырғышқа орналастырылған. 

"Ұсақ бұзақылық бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік материалдар жиналды. Үш факті бойынша шешімді әкімшілік сот қабылдайды", - деп қосты полиция.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті