USD
USD
USD

Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Рудный қаласында көшедегі күл-қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. 

Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 12:00-де Корчагин көшесіндегі қоқыс контейнерінде полиэтилен пакетке салынған сәбидің мәйіті табылды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер осы қылмысты жасаған адамды іздестіруге кірісті.

Осы орайда полиция департаменті қылмысты көрген адамдар болса, 102 немесе 52-60-22, 52-59-25 нөмірлеріне хабар беруді сұрайды.

Айта кетері, осы қылмыс үшін төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова

Қырғызстан билігі қазақ журналисінің стадион құны туралы мәліметіне жауап берді

Бішкек Арена

Қытайға кіру ережелері өзгереді: FlyArystan жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай