USD
USD
USD

Рудныйда 20 саяжай өртеніп кетті

6 мамыр күні сағат 13:06-да Рудный қаласынан 7 шақырым жерде, № 2 бақша қоғамының аумағында құрғақ шөп жанып,  20 саяжай өртенген, деп хабарлады BAQ.KZ.

Рудныйда 20 саяжай өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, бақша қоғамынан тыс жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген. 

Өрт сағат 19:23- те  сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, ТЖД эвакуация жүргізген жоқ.

Құрғақ және ыстық ауа райы, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті. Тар саяжай көшелеріндегі жиналған қоқыстар өрт сөндіру техникасының өрт орнына баруын қиындатқан.

Өртті сөндіруге ТЖД 38 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ құрамында 5 адам және 1 техника бар «ССКӨБ» АҚ МЕӨҚҚ қатысты.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе