USD
USD
USD

Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды

Рудный қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 161/11 қоныс-колониясынан қашқан екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Рудный, NEGE. Осы жылдың 16 қаңтарында кешкі сағат 21:00 шамасында колонияның кезекші қызметкері түзеу мекемесінің аумағында сотталған екі тұрғынның жоқ екенін анықтаған. 1986 және 1996 жылы туған екі ер адам колонияның терезесін сындырып, қашып кеткен. «Мекеме басшылығы дабыл көтеріп, жеке құрам бағдарланды. Екі сотталушы Рудный қаласында тұрған, сондықтан Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары мен туыстары тексерілді. Сол күні тәртіп сақшылары сотталғандарды ұстады» делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі уақытта іс сотқа берілді, ал сотталғандардың өздері Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян