USD
USD
USD

Руандадан да қалып қойдық

 «Шекарасыз репортерлер» (RSF) халықаралық ұйымының ақпары бойынша Қазақстан баспасөз бостандығы индексінде 180 орынның 157-сіне орнықты, оның алдында Өзбекстан, Руанда және Түркия тұр, ал Сингапур, Судан және Бурундиде жағдай біздегіден де төмен екен.

Руандадан да қалып қойдық
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «2019 жылғы маусымдағы президент сайлауы әр адамның пікірін еркін білдірудің бастамасы болғандай: азаматтық қоғам бұрын болып көрмеген қарсылықтарды ұйымдастырды, онлайн-жаңалықтар репортажы сапасы бойынша жақсарды және барынша оқыла бастады, ал үкімет өзінің реформалық бағытына қандай да бір сенім ұялату үшін аздап көнгендей болды. Алайда бұл ретте мемлекет қуғын-сүргін тәсілдерін жаңартып жатыр, атап айтсақ, ғаламторға барынша бақылауды күшейтті; жаңалықтар сайттары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталып жатыр, ал блогерлерді абақтыға қамайды немесе писхиатриялық емханаға жатқызады», – делінген RSF ресми сайтында.
Посткеңестік елдер арасынан келесі елдердегі жағдай барынша жақсы: Эстония (14-орын). Латвия 22-орын, Литва – 28-орын, Грузия – 60-орын, Армения – 61-орын, Қырғызстан – 82-орын, Молдова – 91-орын, Украина – 96-орын, Ресей – 149-орын, Беларусь – 153-орын, Өзбекстан – 156-орын, Тәжікстан – 161-орын, Әзірбайжан – 168-орын, Түркменістан – 179-орын.
Рейтингтің алғашқы үш жолына Норвегия, Финляндия және Дания, соңғы үш жолында – Эритрея, Түркіменстан мен Солтүстік Корея орналасқан.

 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.