USD
USD
USD

РОП операторының басқарушы директоры шәйнектің сымымен асылып өлді

«Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсаған. Мұны Нұр-Сұлтан полиция департаменті растады.

РОП операторының басқарушы директоры шәйнектің сымымен асылып өлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ер адамның мәйіті табылуына байланысты Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда қажетті тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Руслан Шәмшиев 2021 жылы «Оператор РОП» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қызмет атқарды. 

Михаил Козачковтың жазуынша, Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымымен асылып қалған.

Сонымен қатар, бүгін осы мекеменің директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Онымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов та ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті