USD
USD
USD

Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды

Кеше А сериясының 2-турында «Ювентус» пен «Рома» 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рим клубы пенальтиден матч есебін ашты, Джордан Верету дәл соққы жасады. Бірінші таймның соңында Криштиану Роналду да пенальти орындап, есепті теңестірген. Көп ұзамай Верету дубль жасады.

Ал екінші таймда Роналду тағы да есепті теңестірді. Айта кетейік, осы дубльдің арқасында португалиялық футболшы Еуропаның топ-5 лигасында 450-голын соқты. Ол мұндай нәтижеге жеткен алғашқы футболшы атанды.

Роналду 311 голын мадридтік «Реалда», 84-ін «Манчестер Юнайтедте» және 55-ін «Ювентус» сапында соққан.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы