USD
USD
USD

Роналду Тәжікстанда, Бензема және Неймар Өзбекстанда ойнайды

Куала-Лумпурда (Малайзия) 2023/2024 маусымындағы азиялық Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналду Тәжікстанда, Бензема және Неймар Өзбекстанда ойнайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның қорытындысы бойынша, осы жазда Карим Бензема ауысып барған "Әл-Иттихад" Иран, Ирак және Өзбекстан командаларымен ойнайды.

Ал сапына бразилия құрамасының шабулышысы Неймар өткен "Әл-Хиләл" Иран, Үндістан және Өзбекстан клубтарымен сынға түседі. 

Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген "Әл-Наср" Иран, Катар және Тәжікстандық командаларға қарсы ойнайды.

Азиялық ЧЛ жеребесінің қорытындысы. Аймақ "Батыс":

А тобы: "Пахтакор" (Өзбекстан), "Әл-Фейха" (Сауд Арабиясы), "Ахал" (Түркменстан), "Әл-Айн" (БАӘ);

B тобы: "Әл-Садд" (Катар), "Насаф" (Өзбекстан), "Әл-Файсали" (Иордания), "Шарджа" (БАӘ);

C тобы: "Әл-Иттихад" (Сауд Арабиясы), "Сепахан" (Иран), "Әл-Кува" (Ирак), АГМК (Өзбекстан);

D тобы: "Әл-Хиләл" (Сауд Арабиясы), "Нассаджи Мазандаран" (Иран), "Мумбаи Сити" (Үндістан), "Навбахор" (Өзбекстан);

E тобы: "Персеполис" (Иран), "Әл-Духаил" (Катар), "Истиклол" (Тәжікстан), "Әл-Наср" (Сауд Арабиясы).

Топтық кезең 18 қыркүйек пен 13 желтоқсан аралығы өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза