2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Өзбекстанды ірі есеппен ұтты. K тобындағы матч Хьюстонда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

.
Фото: Португалия ұлттық құрамасының баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Кездесудің басты жұлдызы Криштиану Роналду болды. 41 жастағы шабуылшы 6-минутта есеп ашып, футбол тарихында алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Ол бұған дейін 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылғы мундиальдарда да көзге түскен.

17-минутта Нуну Мендеш Португалияның екінші голын соқты. Ол айып добын қақпаға дәл бағыттады.

30-минутта Азизжан Ғаниев Португалия қақпасына гол соқты. Алайда төрешілер бұған дейін ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады.

Үзіліске дейін Роналду тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. 38-минутта ол есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл оның әлем чемпионаттарындағы оныншы голы болды.

Екінші таймда Португалия басымдығын одан әрі арттырды. Өзбекстан қақпашысы Абдувохид Нематов допты өз қақпасына енгізіп алды. Ал матчтың нүктесін Рафаэль Леау қойды.

Осы жеңістен кейін Португалия төрт ұпаймен K тобында көш бастады. Колумбияда – үш, ДР Конгода – бір ұпай бар. Бұл екі құрама екінші турда өзара кездеседі. Ал Өзбекстан құрамасы әзірге ұпай ала алмай, топ соңында қалды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур