USD
USD
USD

«Романтик» полицейдің әрекетіне қатысты тергеу басталды

Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі гүл дүкені мен ресто-бардағы жағдайға байланысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Романтик» полицейдің әрекетіне қатысты тергеу басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің Romantic гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.

"Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шымкент полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінде болған екі оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырғаны хабарланған болатын. Солардың бірі Шымкенттегі гүл дүкенінде жанжал шығарып, сатушыны ұрып, гүл шоғын алып кеткен экс-полицей туралы. Көп ұзамай оның Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені белгілі болды. Ол 19 мамырда отбасылық жағдайына байланысты өз өтініші бойынша ішкі істер органдарынан босатылған.

Артынша оның тағы бір оқиғаға қатысы бар болып шықты. Экс-полицей әйелімен қаладағы дәмханалардың біріне барып, қайтарда ақша төлеуден бас тартқан.

Қазір оқып жатыр

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

кісі өлімі

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қайрат Сатыбалды

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Жедел жәрдем

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мұғалімді ұрған