USD
USD
USD

Роман Скляр Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

12 ақпанда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ашхабадқа жұмыс сапарымен барып, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды  primeminister.kz/kz сайты.

Роман Скляр Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы Түрікменстан басшысымен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сапар барысында Роман Скляр Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары Сердар Бердімұхамедов, Шахым Абдрахманов және Чары Гылыджовпен жеке келіссөздер жүргізді, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша практикалық шаралар жан-жақты қарастырылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық