USD
USD
USD

Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алуға қатысты түсінік берді

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны барлық сынақтардан өткеннен кейін ғана алуымыз мүмкін. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты.

Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алуға қатысты түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы 24 тамызда үкіметтік делегация құрамында тиісті алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Ресей Федерациясы Қазақстанға алғашқылардың қатарында вакцинаны сатуға міндетті болады. Алайда, бұл шаралар сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін ғана ескеріледі. Қазір сынақтың екі кезеңі өтті», - деді Р. Скляр.

 Оның сөзіне қарағанда, шамамен желтоқсан айына қарай ресейлік вакцинаның үшінші сынақ кезеңі аяқталуы мүмкін. «Осы тиісті сынақтарды өткеннен кейін ғана оны сатып алу туралы шешім қабылданады», - деді Үкімет басшысының орынбасары. Осы орайда ол тамыз айының соңында бекітілген келісім барлық сынақтар өткеннен кейін, вакцинаны алу мүмкіндігі қадамдарын қамтып отырғанын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу тұрғысында талқылау өткізді. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

.

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Президент

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек

Айдын Рахымбаев