USD
USD
USD

Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті

Кездесуде Қазақстан экономикасының 2019 жылы 4,5%-ға өскені, ал шикізаттық емес секторға сапалы шетелдік инвестицияларды тарту ҚР Үкіметінің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында елдің қолайлы инвестициялық ахуалы туралы айтып, инвесторларға экономиканың түрлі секторларында: туризм, цифрлық экономика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және т. б. салаларда жаңа мүмкіндіктер беру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде шетелдік делегацияның басшысы Йохан Вандерплаетсе ‒ Еуропалық бизнес қауымдастығының басқарма төрағасы, Ресей мен ТМД-дағы Schneider Electric президенті әлемдегі энергия тұтынудың өзгермелі құрылымы аясында Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар бизнес өкілдері Индустрия 4.0, жасыл экономика, тұрақты даму, ҚР-дағы электр көлігі инфрақұрылымын, оның ішінде технологиялар трансферті және жергіліктендіру арқылы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Қазір оқып жатыр

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова