USD
USD
USD

Роман Скляр Екібастұзда жылуға қатысты мәселе туындамайтынын айтты

11 сәуірде Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда келесі жылыту маусымында жылудан проблема болмайды деп уәде берді.

Роман Скляр Екібастұзда жылуға қатысты мәселе туындамайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын айтып, баяндады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды. Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сондықтан нақты бұл жағдайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алып, жөндейміз. 5,3 шақырым желі жаңадан төселеді. Осы арқылы қаланы жылумен жабдықтау көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе