USD
USD
USD

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярды мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы етіп тағайындады.

Роман Скляр
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бағыттары мен тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік басқару реформасының кешенді жоспарын дайындауға қатысты ұсыныстарды қарау мақсатында құрылған.

Комиссияның жұмыс органы болып Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Комиссия төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр. Оның орынбасары болып Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев тағайындалды.

Комиссия құрамына сондай-ақ:

  • Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов;

  • Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев;

  • Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;

  • Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев;

  • Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев;

  • Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев;

  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай;

  • Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев;

  • Астана әкімі Жеңіс Қасымбек;

  • Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов;

  • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды;

  • Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов кірді.

Сонымен қатар, комиссия құрамына Құрылтай депутаттары Шахмардан Байманов, Сұңғат Есімханов, Шолпан Каринова және Екатерина Смышляева, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Андрей Лукин мен Бағдат Мусин кірді. 

Ал комиссияның хатшысы болып Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова тағайындалды.

Еске салайық, 25 қарашада Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты