USD
USD
USD

«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жантүршігерлік жол апаты 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған. Салдарынан бір отбасының үш адамы қаза тауып, тағы үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Жол апаты
Фото: Алматы облыстық полиция департаменті

Астана, NEGE. Алматы облыстық полиция қызметі жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция дерегінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ведомство өкілдері тергеу барысын облыстық полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.

Жол апатына түсіп, қаза болған отбасының туыстары тергеудің әділ жүруін талап етуде. Гүлжан Тұрдиева есімді желі қолданушысының жазуынша, көлікте әпкесі мен жұбайы, олардың үш баласы және 10 айлық немересі болған.

«Бір отбасындағы үш адамның өмірі қиылды. Олар аз уақыттан кейін өздеріне басқа көлік келіп соғылатынын, ал оның тізгінінде мас күйдегі, погон таққан қызметкер отырғанын білген жоқ. Бірнеше секундтың ішінде біздің өміріміз "дейінгі" және "кейінгі" кезең болып екіге бөлінді. Бұл қайғылы оқиға тұтас бір отбасының үш мүшесінің өмірін жалмады», – деп жазды ол Threads желісінде.

Ерлі-зайыптының екі баласы мен кішкентай немересі көптеген сүйек сынықтарымен ауруханаға жеткізілген.

«Менің сұрайтыным бір ғана нәрсе – тергеу ісі жабулы қазан күйінде қалмаса екен. Өкінішке қарай, мұндай жағдайларға жұрттың бойы үйреніп барады. Бірақ бұлай болмауы керек! Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс. 

...Мас жүргізуші қалайша көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен? Оның үстіне жолақтардың арасындағы қоршаулар да бүлінбеген. Демек, ол өзіне бәрі рұқсат деп ойлаған! Оның сол "болады" деген әрекеті менің үш бірдей жақын туысымның өмірін жалмады», – дейді марқұмдардың туысы.

Үш бірдей адамынан айырылып, қара жамылып отырған жақындары жол апатына кінәлі жүргізушінің қатаң жазалануын талап етеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA