USD
USD
USD

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Германияда Volkswagen мен Audi компаниялары рульдік басқару жүйесіндегі ақауға байланысты 900 мыңға жуық көлігін кері шақырды.

Көліктер
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Көлік иелеріне автосервиске жүгініп, көліктерін тегін тексертіп, жөндетуге кеңес берілді, деп жазады Deutsche Welle.

Германияның Федералдық автомобиль көлігі басқармасының мәліметінше, Volkswagen және Audi көліктерінің рульдік басқару жүйесін бекітетін болты коррозияға төзімсіз болып шыққан. Соған байланысты, әсіресе, көлікті тұраққа қою немесе төмен жылдамдықпен маневр жасау кезінде қауіп туындауы мүмкін.

Бұл ақау негізінен Volkswagen Tiguan, Touran, Golf Variant, Caddy және Golf модельдеріне қатысты болып отыр. Олар 2013 жылғы 1 қыркүйек пен 2024 жылғы 1 шілде аралығында шығарылған. Әлем бойынша мұндай көліктердің саны – 2,16 миллионға жуық.

Сондай-ақ Audi Q3 модельдерінде де осындай ақау анықталуы мүмкін. Әлем бойынша 2017 жылғы 31 қазаннан 2024 жылғы 23 мамырға дейін шығарылған көліктердің ішінде 700 мыңға жуығы, оның ішінде Германияда 58 555 көлік кері шақырылмақ.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.