Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Роботтар вируспен күресуді бастады

«Эпидемияға қарсы роботтар» деген атқа ие болған үш ақылды машина БҰҰ-ның Жапониямен серіктестікте даму бағдарламасы аясында COVID-19-бен күресу үшін Кения үкіметіне берілді, деп хабарлайды еuronews.com сайты.

Роботтар вируспен күресуді бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Роботтар пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің кейбір қызметтерін орындауға бейімделген.

Шужа, Джасири және Тумаини атты көмекшілер 2,5 метрден 3,5 метрге дейін қашықтықта минутына 200 адамға дейін температураны өлшей алады, ластанған немесе вирус жұқтырған деп болжанған үлкен аумақтарды зарарсыздандырады, сонымен қатар адамдарға бетперде киіп, дезинфекциялау керек екенін еске салатын хабарламалар таратады.

Сонымен қатар роботтар пациенттерден ақпарат жинап, оны талдап, зерттеу үшін деректер бере алады. Бұл ақылды машиналар жолаушыларды әуежайда тіркеуді тездетуге көмектеседі деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты