USD
USD
USD

Робот-таксилер жүре бастады

Бейжіңде робот-такси жүйіткіп жүр. Жүргізушісі жоқ көлік әзірге тек белгіленген бір бағдармен қатынайды.

Робот-таксилер жүре бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде қызметтің бұл түріне сұраныс көп. Өйткені қазір оны ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы тегін пайдалануға болады. Көліктегі жолауышылар саны екеуден аспауы тиіс. Компьютермен басқарылатын көліктер 1 ай шамасында сынақтан өтеді. Осы уақыт аралығында көлік ішінде қауіпсіздікті қадағалайтын нұсқаушы отырады. Әзірге робот-такси қаланың тек бірнеше ауданында қатынап жүр.

Алайда төтенше бір жағдай болса, мысалы, кенеттен бөгет шыға қалса, жүргізуші көлікті өзі басқарады. Бұл көлікті Қытайдағы технологиялық компаниялардың бірі жасап шығарды. Жүрісі жұмсақ, жаяу жүргіншелер мен жолдағы бөгеттерді алыстан байқайды. Алайда кемшіліктері де бар. Жылдамдығы баяу және кептеліс пен ауа-райы күрт бұзылғанда көп ойланып қалады.

Қаланың екі ауданында 40 көлік қатынап жүр. Тапсырыстар саны күніне 400-ге дейін жетеді. Қазірдің өзінде робот-такси Қытайдың екі қаласында қызмет көрсетуде. Бейжіңде сынақ қарашаның алтысына дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы