USD
USD
USD

Робототехникаға қызығушылар үшін Almaty TechCup-2023 чемпионаты басталды

Робототехникаға қызыққан балалар Алматыда бас қосты. Оқушылар мен студенттер инновациялық жобаларын таныстырып, өзара бақ сынауды, деп хабарлайды Хабар-24.

Робототехникаға қызығушылар үшін Almaty TechCup-2023 чемпионаты басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үздіктер ақшалай сыйлық пен білім гранттарына ие болады. Алматының ашық чемпионаты осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жарысқа республиканың әр өңірінен жеңімпаз атанған 2 мыңнан аса оқушы қатысуда. Олар жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынайды.

Бір тобы дрондарды ұшырып жарысса, екіншілері роботтарды құрастырып, арнайы тапсырмаларды орындайды.

Чемпионаттың мақсаты STEM дағдыларын дамыту. Оқушылар мен студенттердің цифрлық технологиялар туралы білімін жетілдіріп, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын күшейту.

Чемпионатқа жолдама алған 140 команда екі күн бақ сынайды. Олар әр аталым бойынша марапатталады.

Жарыстың жүлде қоры 10 миллион теңге. Оған қоса, жеңімпаздарға Алматыдағы техникалық университеттерден грант беріледі. Сондай-ақ шет елдерде өтетін чемпионаттарға жолдама алады. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар