USD
USD
USD

Рыжий Алмаздың інісі сотталды

Алматыда сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны үшін "Транстелеком" АҚ-ның бұрынғы басшысы Асқар Нәсенов сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Рыжий Алмаздың інісі сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Асқар Нәсенов – 90-жылдары қылмыс әлемінің серкесі атанған Рыжий Алмаздың інісі.

27 мамырда Насеновтың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол "Қызметін пайдалана отырып, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салды" деген айыппен сотталды.

"Осыған дейін Насенов "KT&T" ЖШС-мен заңсыз консорциумдық келісім жасау арқылы мемлекет қаржысын жымқырды және 2,1 миллиард теңге көлемінде төлем жасады деп күдікке ілінді. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Асқар Нәсенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, үш жылға қаржылық жауапкершілікті иелену құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша