USD
USD
USD

Ризабек Айтмұхан жылдың қорытынды рейтингінде көш бастады

Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жариялап, үздік балуандар тізімін мәлім етті, деп жазады Olympic.kz. 

Ризабек Айтмұхан жылдың қорытынды рейтингінде көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақтан шыққан әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзірбайжан балуаны орналасқан. 

86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингтің екінші сатысына жайғасты. Ол әйгілі Хасан Язданиді де артта қалдырған. 

79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады. 

Айта кетелік, рейтингті түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова