USD
USD
USD

Ризабек Айтмұхан U23 санатындағы әлем чемпинатының қола жүлдегері атанды

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келідегі Ризабек Айтмұхан қола жүлдені еншіледі. 

Азия чемпионаты
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Жерлесіміз үшінші орын үшін өткен белдесуде U20 санатындағы әлем чемпионы, Иран балуаны Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді.

Ризабектің әлем чемпионатындағы жолы:

Іріктеу кезеңі: Ибрахим Бенеколи (Түркия) — 11:1

1/8 финал. Аймар Егиноа (Испания) — 10:0

¼ финал. Гарроуз Куекабакила (АҚШ) — 11:0

Ал жартылай финалда Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Араш Йошидаға (Жапония) есе жіберді.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы дәл осы жаһандық додада барлық қарсыластарынан басым түсіп, топ жарған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі