USD
USD
USD

Әлем чемпионы Таразда өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңіліп қалды

20-22 желтоқсан аралығында мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған Тараз қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир басталды.

Ризабек Айтмұхан
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Австралия, Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің спортшылары қатысуда.

Турнирдің бірінші күнінде 57 келі, 65 келі, 74 келі, 86 келі және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Сайыстың басты таңғаларлық оқиғасы құрамамыздың көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұханның жеңілісі болды. Жартылай финалда ол америкалық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, осы салмақтардағы финалдық кездесулер 21 желтоқсанда өтеді. Ал 22 желтоқсанда 61, 70, 79, 92 және 125 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana