USD
USD
USD

Ризабек Айтмұхан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ризабек Айтмұхан
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 97 келі салмаққа ауысқан Айтмұхан осы салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке финалда есе жіберді.

Ризабек пен Ахмед осымен екінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов басымдық танытқан.

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол жаңа маусымды олимпиадалық салмақта бастап отыр.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев