Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Рысқалиев пен Мусин Лондонда не үшін кездесті?

Бүгін бірқатар телеграм-каналдарда Президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондонда кездескен фотосы жарияланды.

қашқын
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Ескі Қазақстанның» бұрынғы екі шенеунігі Лондондағы аса қымбат киімдер сататын Burberry дүкенінің алдында суретке түскені бекер болмаса керек. Мәселен Б.Рысқалиев 2013 жылы «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, бюджет қаржысын жымқырды» деп айыпталып, 17 жылға сырттай сотталған. Ал оның байыры – бұрынғы депутат Аманжан Рысқалиевке де 16 жыл жаса кесілді. Алайда ағайындылардың ешқайсысы түрмеге түскен жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, олар Лондонда бай-бақуатты ғұмыр кешіп жатыр. 

Бір қызығы, төр жыл бұрын жаңадан өткен сотта ағайынды Рысқалиевтердің тәркіленген дүние-мүлкінің бір бөлігі қайтарылған болатын.

Ал Аслан Мусинге қатысты көп ақпарат жоқ. Бірер жыл бұрын оның ұлы Асылбек Мусин шетелде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. 2017 жылы зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылған Аслан Мусин азаматтығын ауыстырып, Еуропа елдерінің бірінде тұрып жатқан көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат